Қазақстан киносындағы танымал 10 композитор

КИНО
3246

Олар сөздер әсер етпеген кезде диалог құрады, оларды ешкім көрмейді, бірақ естиді, оларсыз кинофильм тамашалау қызықсыз болар еді. Біздің шуылға үйренгеніміз соншалық, кинофильмдерде музыканың шырқалуын міндетті деп санаймыз. Ал фильмдерге музыка жазатын композиторларсыз кинематограф танымал бола алмас еді. Музыка – фильмнің жаны, тіпті мылқау киноның өзі тапер-күйсандықшы ойынымен көркемделеді. Қазақстан фильмдеріндегі музыкаға кімдердің жауапты екенін дәл қазір білетін боламыз, танымал отандық 10 кинокомпозиторды еске түсіріп көрейік.


Қуат Шілдебаев

Заманауи Қазақстан композиторлық мектебінің мэтры отандық кинематографтағы бірнеше жұмыстарымен танымал. Оның кинодағы әрбір жұмысы симфониялық мағынасымен әсерлі, композитор фольклор мен дыбысты, классикалық музыкалық аспаптардың тембрін біріктіре алады, оның музыкасы әуезділігімен, тереңдігімен ерекшеленеді.

Шілдебаевты көбінесе тарихи тақырыптағы картиналарға шақырып жатады. «Отырардың күйреуі», «Әбілқайыр хан», «Мұстафа Шоқай», «Шал», «Жат» - композитордың музыкасы шырқалатын фильмдердің топтамасы, бірақ бұл толық тізім емес. Композитор жұмыстарының арасында 1929 жылғы «Түрксіб» деректі фильмінің жаңартылған көшірмесіне арнап жазған музыкасын ерекше атауға болады. Тілсіз картина Қуат Шілдебаевқа ХХ ғасырдың басында Қазақстанда болған оқиғаларға өзіндік көзқарас танытып, бүтін бір симфония жасауға мүмкіндік берді. Композитордың шығармашылық портфолиосында 20-дан астам фильм бар, қазіргі таңда Қуат Шілдебаев Ермек Тұрсыновтың «Киномеханик» жаңа жұмысына музыка жазуда.

Әлім Заиров

Қазақстандық күйсандықшы, композитор-неоклассик үздік отандық режиссерлардың сұранысына ие. Әлім Заировтың фортепианды және оркестрлі туындыларында джаз, электронды музыка мен классика үйлесім тапқан, сондай-ақ романтика мен аккордты дыбыстардың әдемілігіне толы.

Кинода Әлім Заировке авторлық бағытты режиссерлік оймен ұштастыру керек. Композитор Ақан Сатаевтың «Аудандар» мен «Анаға апарар жол» және Жасұлан Пошановтың «Шлагбаум» картиналарымен жұимыс істеген. Әлімнің әріптес композиторларымен, режиссерлармен серіктестігі көрермен пікірлеріне сәйкес сәтті шыққан секілді, аталмыш фильмдердегі музыка мағынаны айшықтай түскен. Жақында көрермендер композитордың жаңа жұмысын бағалайтын болады. Ақан Сатаевтың «Ол» фильмі экранға шыққан кезде Заировтың музыкасын да тыңдай аламыз.

Никита Карев

Бұл кинокомпозитордың музыкасы 25 отандық кинофильм мен хикаяларда көрініс тапқан. Оның қызметіне Нұртас Адамбай, Асқар Ұзабаев, Қанағат Мұстафин және т.б. танымал режиссерлар жүгінеді. Композитордың музыкасы құлаққа жеңіл естіледі, ол «Сәбина келін», «Жол», «Ауылдан қашу: Махаббат операциясы» сынды картиналарға әуен жазған. Бірақ, Никита Каревтің «Бойжеткен мен жігіт» фильміне жазған музыкасын нағыз еңбек деуге болады. Махаббат туралы сөзбен айтып жеткізу қиын ғой, ал оны әсерлі қылуға музыканың ғана күші жетеді. Осы тұрғыда Никита Карев қазақстандық кинокомпозиторлардың арасындағы ерекше сұранысқа ие екендігін дәлелдеді.

 Павел Ли

Басқа отандық картиналарға қарағанда, Асқар Бисембиннің «Адель» фильмінде музыка болған оқиғалардың басты кейіпкері, режиссері әрі продюсері ретінде танылған. Ол кейіпкерлердің ішкі күйзелісін жеткізе отырып, сюжетті жылжытты. Негізі, көрермен көзін жұмып отырып, фильмдегі музыканы тыңдау арқылы кейіпкерлердің образын, интерьерлер мен декорацияларды елестете алады. Қазақстандық көрермен композитор Павел Лидің шығармашылығымен осылайша жақын таныс болды. Содан бері, композитордың жанкүйерлері де көбейген сияқты.

Сонымен қатар, композитор «Абайлаңыз, сиыр», «Ойпырмай, немесе құрметті менің балаларым» және «Гламур для дур» комедиялық жобаларымен жұмыс істеген.

 Роман Бутаков

Дыбыс режиссері әрі саунд-дизайнер негізгі мамандығы бойынша көптеген картиналарымен, дауысты қойып, дыбысталып тұрған музыканың сапасымен жұмыс істеді. Тәжірибе дәлелдегендей, мұндай жұмыстан кейін адам өзі де бір ерекше дүние жасауға ұмтылады екен. Роман Бутаковтың композиторлық дебюті «Басқа бағытта» (2014 жыл) қысқаметражды фильмінде болған, қазіргі уақыттағы соңғы жұмысы «Өзіңнен жылдам» қысқаметражды картинасы болып табылады. Романның композитор ретіндегі ең үлкен жұмысы «Ауылдан қашу. Махаббат операциясы» картинасы еді, Бутаков Никита Каревпен бірге музыка авторы атанды.

 Төлеген Мұхамеджанов

Қазақстандық марғасқа композитор Төлеген Мұхамеджанов әкімшілік қызметтегі тығыз жұмысына қарамастан, фильмдерге музыка жазып жатыр. Оның музыкасы әр алуан, түрлі эмоциялар мен әсерге толы, оның ішінде алғашқы махаббатқа да орны табылады, отан тағдыры да баяндалады, сондай-ақ мелодиясы ерекше үйлесім тапқан.

Қазір композитордың қоржынында кинодағы 9 жұмысы бар. Дебюті 1984 жылы «Шөптің ішкі тәтті шырыны» фильмінде болған. Төлеген Мұхамеджанов нағыз романтикалық хикаяны «Махаббат бекеті» картинасындағы музыкасы арқылы баяндады. Композитордың қазіргі кинодағы жасаған соңғы жұмысы «Құнанбай» фильмі болып табылады.

 Ренат Гайсин

Ренат Гайсин әрбір қазақстандыққа жақсы таныс. Оның әндерін барлық отандық танымал орындаушылар орындап жүр, аранжировкалары толыққанды дыбсталуымен, нәзік үйлесімділікпен және образды сезіммен бере алуымен ерекшеленеді.

Қазақстандық композитор Ренат Гайсиннің киноға да үлес қосып жүргенін көпшілігі біле бермейтін сияқты. Музыкант «Жаужүрек мың бала», «Ликвидатор» және «Жүрегім менің - Астана» фильмдеріне дыбыстық әуендер жазып үлгерген.

Әбілқайыр Жарасқан

Жас композитор Әбілқайыр Жарасқан «Қазақ хандығы» фильмі арқылы нағыз жаңалық ашты. Композитор картинаға арнап 25 туындыны жарыққа шығарды, оның кейбірі тарихты жырлайды. Әбілқайыр әйгілі дала музыканттары – домбырашы Қазанғап пен қобызшы Қорқыттың туындыларын өздерінің тректеріне пайланалған. Жарасқанның сөзінше, ол Қазақ хандығының құрылуы кезін сенімді түрде көрсеткісі келген, сондықтан осынау әйгілі тұлғалардың туындыларына арқа сүйей отырып, сол уақытқа сапар шеге білді.

Композитор қазақ музыкасын толығырақ үйренуге тырысып жатыр, әсіресе дәстүрлі қазақ музыка аспаптарының дамуына көңіл бөлуде, солардың көпшілігінде ойнай алады. Одан бөлек, Әбілқайыр Жарасқанның киножұмыстарының арасында «Шыңғыс ханның жолымен» картинасы және Қазақстан президенті туралы жобалары бар.

Самсон Аракелян (Big Som)

Барлығы оны стадионды шулатқан баскетболшы рэпер ретінде таниды. Самсон Аракелян 2000 жылдардың басында ресейлік хип-хоп фестивальдерінде көптеген жүлделерге ие болған, туған қаласы Ақтауда Ұлттық баскетбол федерациясының филиалын басқарды. Оның шығармашылығы әлі де сұранысқа ие, ал альбомдары арқылы жас рэперлер сабақ алуда.

Big Som қазақстандық кинофильмдерге де музыка жазған. Рэпер өз бағытында жастарға тән мәтін арқылы «Оберон қастандығы» және «Серпіліс» фильмдерін әуендер шығарды. Қос картинада да романтикалық бағыт жоқ, сондықтан идеясы жағынан Самсон мен шығармашылығына дәлме-дәл келген. 

Айдос Сағатов

«Үркер» тобының негізін қалаушы әрі басшысы өзін әрдай ым түрлі жанрларда байқап келеді. Композитор негізгі эстрадалық бағыттан бөлек, ішекті квартетке шығарма жазды, тіпті «Шұға» фильмінде ойнаған. Айдос киноға музыка жазуға ұзақ дайындалды. Сағатовтың кинокомпозитор ретіндегі кинодағы дебюті халықаралық кинофестивальдерде жоғары баға алған «Оралман» фильмі болды. Композитордың музыкалық таланты мен біліктілігіне ешкім шүбә келтірмейді, Айдос та өз саласын кинокомпозитор ретінде жалғастыруды ұйғарған болар.

Альберт Ахметов

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...