Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава көз жұмды

Фото: әлеуметтік желі

КИНО
1105

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Актер АҚШ-тағы Санта-Барбарадағы өз үйінде, отбасының жанында көз жұмған. Өлім себебі инсульттен кейінгі асқынулар болған.

Кэри-Хироюки Тагава алғаш рет кең танымалдылыққа Бернардо Бертолуччидің «Соңғы император» фильмінен кейін ие болды. Картина «Оскардың» «Үздік фильм» номинациясында жеңіске жеткен.

Кейін ол Mortal Kombat франшизасындағы басты антагонист Шан Цзун рөлін орындап, бүкіл әлемге танылды.

Сонымен қатар актер «Гейшаның естеліктері», «Жоғары сарайдағы адам» сияқты фильмдер мен сериалдарда ойнаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...