Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы 1969 жыл...
Ғылыми-әдістемелік қызметі
1888
Негізгі бағыттары:
- Қазақстандағы кітапхана ісінің қазіргі жағдайын зерттеп, талдау және дамуын болжау;
- Республика кітапханалары қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге ықпал ету;
- кітапхана ісіндегі өзекті тақырыптар және ҚР Ұлттық кітапхана тарихы бойынша іргелі қолданбалы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- ҚР Ұлттық кітапхана құрылымдық бөлімшелеріне және республика кітапханаларына кітапханатанулық зерттеулерді ұйымдастыру жұмыстары және кітапхана ісінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
- ҚР Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің және республика кітапханашыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру жүйесін ұйымдастыруға қатысу;
- Кітапханатану залында оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсету.
Негізгі міндеттері:
- Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты кітапханалардың Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының сайтында (www.nlrk.kz) орналасқан «Қазақстан кітапханалары: мәліметтер және сандар» атты электронды дерекқорын жүргізу, республика көпшілік кітапханалары қызметіне талдау жасау, ақпараттық шолу дайындау;
- кітапхана ісі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерінің, мемлекетаралық және мемлекеттік стандарттардың жобасын әзірлеу;
- кітапхана ісінің жекелеген өзекті мәселелері бойынша әдістемелік құралдар, әдістемелік ұсыныстар құрастыру, ғылыми ақпаратпен ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету;
- кітапханалық қызметтің әртүрлі бағыттары бойынша республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, өткізу және оларға қатысу, ҚР Ұлттық кітапхана және республика кітапханалары қызметіне инновациялық үрдістерді енгізуге әдістемелік көмек көрсету;
- кітапхана ісі бойынша ақпараттарды саралап, ҚР Ұлттық кітапхана құрылымдық бөлімшелеріне электрондық түрде тарату;
- республика кітапханаларының әдістемелік орталықтарымен, ҚР Кітапханалар Ассоциациясымен, алыс және жақын шетел кітапханаларымен және т.б. қоғамдық ұйымдармен, ассоциациялармен әріптестік қарым-қатынас орнату;
- республика көпшілік кітапханаларының тәжірибелерін жинақтау, әлемдік кітапхана ісі теориясы мен іс-тәжірибесін оқып үйрену, тәжірибеге енгізу, жарияланымдар дайындау;
- ҚР Ұлттық кітапхана Ғылыми Кеңесінің және Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің қызметін ұйымдастыру;
- Кітапханатану залында оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
Құрылымы:
- Кітапхана ісінің дамуын болжау мен дамыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тобы;
- Кітапханатану залы.