Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

КІТАПХАНА
9789

В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы (Ерубаев көшесі, 44 үй) 1934 жылы қалалық кітапхананың негізінде ұйымдастырылып, 1938 жылы облыстық статусқа ие болған. Кітапхананың қалыптасып жетілуі Қарағанды көмір бассейінімен, Қарағанды қаласының қалыптасып дамуымен тікелей байланысты. Облыстық әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымдық даму кітапхананың қалыптасып дамуына әсер етті. Қалалық кітапхана деңгейінен облыстық әмбебап ғылыми кітапхана деңгейіне көтерілді. Кітапхана өлкетану және мерзімді басылымдармен диссертациялар авторефераттар депозитарийі міндетін атқарады.

Қазіргі кітапханада 12 құрылымдық бөлімдер мен секторлар жұмыс істейді. Кітапханада қазақ тілін үйрену Ресурс орталығы, құқықтық ақпарат орталығы, Америкалық ақпараттық ресурс орталығы, Оқу орталығы, "Жыр- Жауһар"  поэтикалық клубы, "Әдеби қонақжай", "Вива, Лингва!" ағылшын тілінде сөйлесу клубы т.б. бірлестіктер жұмыс істейді.

Кітап қоры мазмұны жағынан білімнің әр саласын қамтиды, 400 мың данадан астам, оның ішінде 50,0 дана мемлекеттік тілде, 15000 дана шет тілдерінде. Бұлар кітаптар, диссертациялық авторефераттар, мерзімді басылымдар, СД, пластинкалар, карталар мен ноталар т.б. Жыл сайын кітапханаға 7000-дай құжаттар түседі, олардың 50 % мемлекеттік тілдегі басылымдар құрайды.

  • Сирек кітаптар қоры жеке жинақталған – 2000 данадай, бұлар 18-19 ғасырлардағы орыс тіліндегі басылымдар, олардың ішінде үлкен және кіші форматтағы кітаптар бар;
  • Қарағанды облысы туралы өлкетану әдебиеттері 2883 данадан тұрады, оның 1409 данасы қазақ тіліндегі әдебиеттер;
  • ŸЖыл сайын  қорға 400 атаудағы газет-журналдар қосылады, олар білімнің әр саласы бойынша Қазақстан және Ресейден шығарылатын қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдар. Кітапхана облыстағы мерзімді басылымдар қоры сақталған ең ірі кітапхана.

1997 жылдан бастап кітапхана жұмысының барлық бағыттарына жаңа ақпараттық-технологияны қарқынды енгізуде: Ғалам тор арқылы Отандық және шет елдік ресурстарға қолжеткізу ұйымдастырылды, штрих код арқылы кітап беру және есеп жұмыстарын автоматтандыру енгізілуде, пайдаланушыларға виртуальді қызмет көрсетіледі. АБИС кітапханалық процестердің негізгі түрлерін - өңдеу, сақтау және деректерді электронды форматта беру мүмкіндіктерін туғызды. Кітапханадағы басты ақпараттық ресурстардың бірі электронды каталог. Онда кітапханаға түсетін құжаттардың барлық түрлері көрсетіледі. Электронды Деректер базасының көлемі – 270,6 библиографиялық жазбаны (БЖ) құрайды, оның ішінде 70,0 мың (БЖ) мемлекеттік тілде, БЖ - әмбебап, күн сайын жаңартылып тұрады. Кітапхананың электронды ресурстары және виртуальді қызметі Ғалам тор желісіндегі karlib.kz, сайтында,  тұрақты түрде жетілдірілуде.

Толық мәтінді база негізінде құрылған "Қарағанды: адамдар, оқиғалар, деректер" "Сарыарқа" электронды кітапханасының негізі цифрлық ресурстармен оған еркін қолжеткізу ынтымақтастығы болды. Электронды кітапханада Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының тарихы туралы, аймақта әр жылдары болған оқиғалар туралы, қаланың, облыстың дамуына айтулы үлес қосқан адамдардың тағдыры туралы материалдар жинақталған. Бүгінгі күні электронды кітапханада 7 000 жуық pdf-тар мен мақалалар бар.

"Сарыарқа" электронды кітапханасында ерекше назар аударатындар – бірегей өлкетану материалдары және арнайы топтамалар. Электронды топтамалар құрамына 9 виртуальді көрме, 3 "Сарыарқа online" ақпараттық ресурсі, "Қарағанды облысының әдеби өмірі", "Қыран қанатты ақын" енді.

2008 жылдан бастап кітапхана "Электронды мемлекеттік кітапханалық қор – Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана (ЭМКҚ – ҚҰЭК) жобасына қатысады. "Сарыарқа" цифрлы топтамасы Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасының құрамдас бөлігіне айналды. Қазір Қарағанды облысы туралы 38 толық мәтінді басылымға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының web-site арқылы қол жеткізуге болады. Астана қаласы www.kazneb.kz.

Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК – облыстағы барлық кітапханалар үшін үйлестіру орталығы болып есептеледі. Облыс бойынша 18 орталықтандырылған кітапханаларға әдістемелік басшылық жасайды. Кітапхананың стратегиялық бағыттарының бір облыстағы кітапханаларға жаңа ақпараттық технологияны енгізу. Жаңа бағдарламалар мен жобаларды жасап енгізу, оның ішінде: "Ауылдық модельді кітапхана", нәтижесінде 93 үлгілі кітапхана ашылды. Кітапхана ұжымы "Шығармашылық идеялар жәрмеңкесі", "Ауыл кітапханашыларының форумы", "Ауыл энциклопедиясы", "Оқуды қолдау конгресі", "Жазғы Интернет Университеті", "Астанаға кітапханалық салют" Республикалық фестивальі, "Үлгілі кітапханалар: сәндік үлгі, немесе болашақ жобасы" тақырыбы аясында Қарағанды облысының үлгілі кітапханалары кітапханашыларының Павлодар облысына кәсіби сапары, Қарағанды облысы жас кітапханашыларының I Форумының.

Кәсіби байланыс аясы кеңеюде. Кітапхана Қазақстан кітапханалары Ақпараттық Консорциумының мүшесі, Қазақстандық корпоративті каталогтау Орталығының және Қазақстан Республикасы кітапханалар Ассоциациясының мүшесі.

Кітапхана қызметкерлері барлық Республикалық конференцияларға қатысады. "Қазақстанның кітапханалық астанасы", халықаралық конференциялар мен семинарларға ИФЛА-ның Бас конференциясы, (Пекин, 1996), (Берлин, 2003), (Сеул, 2006), халықаралық Крым конференциясы (1998, 2005, 2006, 2007, 2008, 2010, 2015) "LIBCOM-2005" халықаралық конференциясы, халықаралық семинар "Электронды кітапхана" (Турция, 2004), (Тунис, 2007) халықаралық "Ыстықкөл конференциясы" (2003,2007,2011)  мәдени бағдарламалардың аясында АҚШ (2000, 2006, 2011), Германия (2003, 2004) және Франция (2003, 2004, 2005) елдерінің ірі кітапханаларында болды.

Қарағанды облысындағы кітапхана ісін дамытудағы адал еңбектері үшін кітапхана қызметкерлері Мемлекеттік марапаттарға, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің марапаттарына, Қарағанды облысы әкімінің сыйлығына ие болды: Баймурзина Ш.С. "Ерен еңбегі үшін" (2001), Пак В.И. "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалмен (2011) және ҚР ҰАК "Кітапхана ісінің шебері" құрмет белгісімен марапатталды, Тимершина Ф.Х. "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медалінің (2011), ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің "Мәдениет қайраткері" (2007) төс белгісінің, Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы (2000) және ҚР ҰАК "Кітапхана ісінің шебері" (2011)  құрмет белгілерінің иегері,  Хаирова Р.А., Қасыбаева А.У., Иссык И.С. Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Кітапхана ісінің үздігі" құрмет дипломымен марапатталған (2009), Қ.Рахим – Қарағанды облысы әкімі сыйлығының 2006 ж. иегері.

author

Николай Гоголь

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...