«АҚ ОРДАЛЫ – АСТАНАМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПОЭЗИЯ КЕШІ

ӘДЕБИЕТ
4273

Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына орай ағымдағы жылдың екінші жартысында әлем ақындарының қатысуымен «Ақ ордалы – Астанам» Халықаралық поэзия кеші өткізіледі. Аталмыш іс-шараға шетелдік ақындармен қатар Отандық әдебиет әлемінің майталмандары, бүгінгінің ақиық ақындары ат салыспақ. Қатысушыларға қойылатын басты талап – авторлық туындыларының арасында өзінің тілінде Қазақстан, Астана немесе Елбасы турасындағы тақырыптың қозғалуы және олардың қазақ, ағылшын, орыс тілдеріне, сондай-ақ БҰҰ мақұлдаған ресми шет тілдеріне аударылуы. Іс-шара барысында елорда концерт залдарының бірінде поэзия кешінің ұйымдастырылып, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әлем ақындары Қазақстан жайында» немесе «Ақ ордалы – Астанам» атты жинақ шығарылады.

Өтетін орны: «Қазақстан» ОКЗ

Күні: 30 тамыз

Уақыты: 18:00

Кіру тегін

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...