Ақкиізтоғайдан басталған ардагер даңқы

Фотосуретті автор ұсынды

ӘДЕБИЕТ
682

Қазақ даласының өр рухын еңбегімен айшықтаған, соғыс жылдарының тауқыметін де, бейбіт күннің ауыр жүгін де бір иығымен көтерген тұлғалар бар. Солардың бірі — ауыл шаруашылығы саласының айтулы қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Тұрдығали Мәмбетов.

Биыл ел ағасының туғанына 100 жыл толуына орай, оның есімі мен өнегелі өмір жолы жаңа серпінмен қайта жаңғырды.

Ақын Маржан Ершудың жаңаша жыры

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы – 2025» бастамасы аясында ақын Маржан Ершу тарихи тұлғаның ғұмырнамасын поэтикалық биіктікке көтеріп, «Жалғыз қол» атты көлемді поэма жазды.

Поэма тек бір адамның тағдырын емес — бір дәуірдің болмысын, еңбекке түскен халықтың қайратын, адамдықтың бағасын жырлайды.

Тұрдығали Мәмбетовтың тағдыры — соғыс даласында бір қолынан айырылып, елге оралып, бар қажырын ауылдың дамуына арнаған ерлік жол.

Кітап тұсаукесерлері: үш өңірдің тағзымы

Жаңадан жарық көрген кітаптың тұсаукесері бір ғана шағын шара болып қалмады — ол Ақкиізтоғай, Құлсары, Атырау өңірлерінде жалғасты.

Әр жерде ардагердің атын қадірлейтін жұрт жиналып, еңбек адамының рухына тағзым етті.

Ақкиізтоғай ауылында Тұрдығали Мәмбетовтың өмір жолы жастарға насихатталуы үшін мектептен «Тарих және Т. Мәмбетов» кабинеті ашылды. Бұл — өткенді танып, келешекке сеніммен қадам басудың нақты қадамы.

Филармониядағы құрмет

Н. Жантөрин атындағы облыстық филармонияда өткен салтанатты кеш — ардагер рухына арналған ең мазмұнды шаралардың бірі.

Сахна төрінде ел құрметі айқын көрініп, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Мақсым Ізбасов Тұрдығали Мәмбетовтың қызы, белгілі экономист, еңбек ардагері Мәншүк Мәмбетоваға «Хиуаз Доспанова» атындағы медальді тапсырды.

Бұл — тек марапат емес, еңбектің, кісіліктің, ұлттық рухтың бағалануы.

Тарихтың тірі куәсі – құжаттар

Облыстық архив пен тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған Тұрдығали Мәмбетовқа қатысты құжаттар көрмеге қойылды.

Көне суреттер мен хаттар, бұйрықтар мен еңбекке қатысты деректер — тұтас бір дәуірдің тынысын айғақтап тұр.

Кітапхана қоры жаңа еңбекпен толықты

«Жалғыз қол» поэмасы Ғ. Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қорына тарту етіліп, оқырмандарға жол тартты.

Осылайша, еңбек адамының ерлікке пара-пар ғұмыры талай буынға өнеге болмақ.

Арман Ардақ

author

Маржан (Айек) Ершу

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...