Фридрих Ницшенің афоризмдері

ӘДЕБИЕТ
3801

Фридрих Уилһелм Ницше (нем. Friedrich Wilhelm Nietzsche; 1844ж. 15 қазан — 1900ж. 25 тамыз) — ХІХ ғасырдағы әйгілі неміс философы және филологы, иррационалды волюнтаризмнің Артур Шопенгауэрден кейінгі бірегей өкілі. "Мәдениет порталы" философтың бірнеше афоризмдерін қазақ тілді оқырман қауымға ұсынады. Мархабат!

***

Біз Ақиқатты құмарпаздық ойынына салумен келеміз. Бәлкім, адамзат қауымы дәл осыдан опық жер. Жә, одан келер-кетер не бар дейсің?!

***

Егер жауың байқалмаса, босаңсыма, жел де көрiнбейдi, бiрақ шырақты өшiредi.

***

Адам қателiк жiберуi мүмкiн. Қателiктi мойындау оны сүйкiмдi етедi. Егер адам қателiктi түзесе, бұл оны екi есе сүйкiмдi етедi.

***

Кейде адам деп жүргенiң, адамға ұқсас жәндiк болып шығады.

***

Кiмдi қызғаныш өртi күйдiретiн болса, сол ақыр-соңында шаян сияқты улы iскектi өзiне қадайды.

***

Сен өзiңдi мейiрбан сезiнсең, мұны саған ашуланып, ала көзiмен қарайтын басқалар одан сайын сезiнедi. Iзгi адам бәрiнiң жолында кесе-көлденең тұратынын ұмытпа.

***

Жауыздық жара сияқты: қышиды, ашиды, жарылады — ол өзi туралы шынын айтады.

***

Кiм өзiне-өзi сенбесе, сол әрқашан өтiрiк айтады.

***

Адамдар қарапайым ақиқатты елемегендiктен көп азап тартады.

***

Нағыз еркек екі нәрсені ұнатады: қатер және ойын. Қатерлі ойыншық болғандықтан ол әйел затын сүйеді.

***

Егер сен биікке шыққың келсе, тек өз аяғыңмен ғана шық. Басқалардың сені биікке көтеріп шығуына жол берме! Басқалардың арқасына жабыспа, басқалардың желкесіне мінуші болма.

***

Кешігіп келген бақыт ұзақ сақталады.

***

Кейде күдіксіз сену өтіріктен де жаман.

***

Жаман деп жүргенiмiздi жақсы деуге батылымыз жеткен күнi бiздiң өмiрiмiзде ұлы кезеңдер басталады.

***

Әр нағыз еркекте ойнағысы келетін жасырын бала болады. Олардан баланы тауып алыңыздар, әйелдер!

***

Егер сені мақтаса, онда білгенің жөн, сен әлі де болса өз жолыңда емессің, басқалар үшін ыңғайлы жолдасын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...