Жазушы Жолтай Әлмашұлының осыдан алты-жеті жыл бұрынғы жанайқайын қайта жаңғыртып, оқырман назарына...
"МАХАМБЕТ ҚОЗҒАЛЫСЫ" циклынан. Қан мен Қар
5664

Қан мен қардан жаралған осы бір ай.
Қан мен қардан жаралған осы бір ай.
Қанмен қарға жазылған естеліктер,
Жүрегімді шабақтап осуын-ай.
Жасыл шырша, көк жалау - қуанардай
Себеп бар ғой.
Көңілімнен күмән аумай,
Осы айда бір әрі-сәрі күйге түсем,
Адам құсап күле алмай, жылай алмай.
Күнтізбенің тор көзді парағынан
Желтоқсанда жас парлап, ағады қан,
Түтеп боран далада, жауады қар -
Осы айдың бір қазаққа зауалы бар.
Маған жат боп барады осы бір ай,
Шәрбат пен уын қатар тосып ұдай.
Желтоқсанның желіндей алағызып,
Мына үркек көңілдің шошуын-ай!..

Талғат Ешенұлы