ШҚО халықаралық айтыс пен Balkaragai Tunes этнофестивалі өтеді

ӘДЕБИЕТ
2895

 Шығыс Қазақстан облысы,Катонқарағай Стадионында 1 шілдеде сағат 10.00-де «Алтайдай жер қайда?!».атты халықаралық айтыс пен Balkaragai Tunes этнофестивалі өтеді. Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген танымал айтыскерлер  қатысады. Іс-шара 20.00-де Balkaragai Tunes этнофестивалімен жалғасын табады. Алтай тауларының етегінде алғаш рет өтетін халықаралық айтыстың жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Бас жүлде - 5 миллион теңге.

Айтысқа Бекарыс Шойбеков, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназаров және басқа да белгілі ақындар қатысады. Айтыскерлер өнеріне Ұлықбек Есдәулетов, Серік Қалиев, Дәулеткерей Қапұлы, Алмас Ахметбек және Серік Құсанбаев қазылық етеді. Айтысты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізеді.

Balkaragai Tunes этнофестивалінде ODUCHU (Тува, Ресей Федерациясы) тобымен бірге Тыва Республикасының еңбек сіңірген әртісі және этникалық музыка жанрындағы танымал әнші Сайзан Сюрюн, Қазақстанның жетекші этномузыканты Еділ Құсайынов және модерн-этноджаз бағытындағы Steppe Sons (Қазақстан) тобы қатысады. 

Фестиваль Алтай қазақтарының мұрасын, түркі тарихы мен мәдениетін жандандыруға арналған. Көрермендер назарына музыканттардың өнерімен қоса эксперименталды музыкалық коллаборация ұсынылады.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...