«Құстар қайтып барады»: Алматыда Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған есте қаларлық кеш өтті

Madeniet Portaly

ӘДЕБИЕТ
668

Алматыда қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған «Құстар қайтып барады» атты мерейтойлық музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Іс-шараны Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының Алматы қаласындағы филиалы ұйымдастырды.

Тұманбай Молдағалиев – халықтың сүйікті ақыны, сан буынның жүрегіне жол тапқан жыр иесі. Ол жазған өлеңдер мен ән мәтіндері қазақ өнерінің алтын қорына енді. Ақынның Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов және Әсет Бейсеуов секілді композиторлармен бірлесіп жазған «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Қайран менің жүрегім» сияқты әндері бүгінде ұлттық музыка мұрасына айналған.




Кеш барысында ақынның сөзіне жазылған туындылар жаңа аранжировкаларда және әртістердің шығармашылық коллаборацияларында орындалды. Көрермендерге «Туған жер», «Құстар қайтып барады», «Өмір, қымбатсың маған», «Аяулым», «Жан досым», «Ағаларым», «Отан Ана», «Ару-ана», «Куә бол», «Шақырады көктем» сынды әндер ұсынылды.

Сахна төрінде қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары өнер көрсетті. Олардың қатарында Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Жеңіс Ысқақова, Сүлеймен Ибрагимов, Жанна Орынбасарова, Дильназ Ахмадиева, Перизат Омарбекова, Марал Анарбек, Бибігүл Қилымхан, Райм Уайс, Мәди Рымбаев, Ербол Нариманұлы, Сая Махамбет, Гүлнар Көшенова, сондай-ақ «Азия» және «Меломен» топтары бар.

Мерекелік кеш көрермен жүрегінде Тұманбай жырының мәңгілік сәулесін тағы бір мәрте жаға білді.

author

Тұманбай Молдағалиев

АҚЫН

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...