«Мен қателігімді түсіндім»: цехы жабылған кәсіпкер алғаш рет үн қатты

коллаж MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
19

Жақында ғана өндірістік цехы жабылған кәсіпкер Арайлым Алтынбекқызы шулы оқиғадан кейін алғаш рет үн қатты. Ол әлеуметтік желідегі сынның толастамай тұрғанын айтып, көпшіліктен отбасы мен жақындарына қатысты жағымсыз пікір жазбауды сұрады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кәсіпкердің айтуынша, соңғы уақытта желі қолданушылары өзін ғана емес, жолдасын да сынға ала бастаған. Осыған байланысты ол отбасылық кәсіпте кімнің қандай міндет атқаратынын түсіндірді.

«Хейттің тоқтайтын түрі жоқ. Сонымен қатар жолдасым жайлы да жазып жатырсыздар. Ол негізі жұмыстың бәрін өзі жүргізеді. Ал мен сату, команда мен әлеуметтік желіге ғана жауаптымын», – деді Арайлым Алтынбекқызы.

Сондай-ақ кәсіпкер көпшіліктің жағымсыз пікірлері өзінің ғана емес, отбасы мен қарамағындағы қызметкерлердің де жағдайына әсер етіп жатқанын жеткізді.

«Егер жақсы пікір жазбайтын болсаңыздар, онда мүлдем ештеңе жазбаңыздаршы. Себебі ол маған ғана емес, отбасыма, жақындарыма, командама да әсер етеді. Мен қателігімді түсіндім», – деді кәсіпкер.

Осылайша Арайлым Алтынбекқызы өз қателігін түсінгенін айтып, қоғамнан отбасы мен командасына қатысты сынды тоқтатуды сұрады.

«Қазақ халқынан кешірім сұраймын! Біз қателестік, қателігімізді мойындаймын. Жастығымыз да бар шығар. Ешкім кәсіпкер болып тумайды, кәсіп жүргізу оңай емес. Дегенмен қателігімізден сабақ алдық. «Самса фуд» ресми түрде жұмысын тоқтатты. Қазір үйде отбасымның, балаларымның жанындамын. Білім алып, біліктілігімді арттырып, жаңаша, басқаша көзқараспен ораламын», - деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Аршалы кентінде мас күйде көлік жүргізген ер адам өз әйелін көлікпен қағып кеткен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25–26 қараша күндері Ресей Федерациясының Президенті...