Ақмола облысында мас күйде көлік жүргізген ер адам өз әйелін қағып кеткен

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
120

Ақмола облысының Аршалы кентінде мас күйде көлік жүргізген ер адам өз әйелін көлікпен қағып кеткен. Салдарынан әйелі алған жарақатынан мерт қылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz “Казтаг” порталына сілтеме жасап. 

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ВАЗ-2114 маркалы автокөлікте болған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға кезінде ер адам мас болған.  

"Алдын ала анықталғандай, марқұмның күйеуі ВАЗ-2114 автокөлігін мас күйде басқарып, әйелді қағып кеткен. Салдарынан ол көз жұмды", – деп хабарлады полиция.

Оқиғадан соң күдікті ұсталып, қамауға алынған. Ал қазір адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық тергеу басталды.

Егер жүргізуші мас күйінде жол қозғалысы ережесін бұзып, жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірсе және әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаса, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 3-бөлігі бойынша 20 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылады.

Ал жәбірленушінің денсаулығына абайсызда орташа немесе ауыр дәрежеде зиян келтірілсе, жүргізуші Қылмыстық кодекстің 345-1-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Егер ер адамның әйелін қасақана көлікпен қаққаны анықталса, оның әрекеті денсаулыққа қасақана зиян келтіру немесе адам өлтіруге оқталу ретінде саралануы мүмкін. Бұл жағдайда қылмыстық жауапкершілік әрекеттің салдары мен кінәлінің ниетіне қарай белгіленеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жақында ғана өндірістік цехы жабылған кәсіпкер Арайлым Алтынбекқызы шулы оқиғадан кейін алғаш рет...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25–26 қараша күндері Ресей Федерациясының Президенті...