Осыған дейін ақындар арасында «Папирус» айдарын жүргізгеніміз ел назарында.&nb...
Сұраған Рахметұлы: Мирас-Бек. Ақын – жердегі жұлдыздың кетігі.
Фотосурет Сұраған Рахметұлының жеке мұрағатынан
![Возможно, это изображение 1 человек и текст](https://scontent.ftse4-1.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/475694889_2093508871121716_4535234559276102471_n.jpg?stp=dst-jpg_p180x540_tt6&_nc_cat=100&ccb=1-7&_nc_sid=833d8c&_nc_ohc=9Tj8ilo7piUQ7kNvgGPtX-F&_nc_zt=23&_nc_ht=scontent.ftse4-1.fna&_nc_gid=ATCSTbwWQIZ1YehxS2B1S7Y&oh=00_AYCAhHslgm32YnYqKjNeMhmHKrxh9CEdIBhWcS9dJQ0iQQ&oe=67A0297F)
Аблайхана 51,
Есік алды.
Сол баяғы Астана демесеңіз,
Айтарлықтай бұл шәрдің несі қалды.
Махаббат па,
сезім бе,
сағыныш па?
Бір шылымға тұтатып осыларды.
Жүріп кеттің
Жүзің де қалмай мұңың.
Жаның да емес, жақындар шалғай бүгін.
Қайталайсың....
«Қарғынды» Дулатовты.
Мағауинды, әрине тастамайсың,
"Көк мұнардың» көлемі басқалай сын.
«Амал деген айым» бар «Қара бауыр»
Есентайдың айналып жағалауын.
Есенғали, құстары шулатыпты.
Поэзия – көп болды көнердім мен,
Бұрындары бір неше теңеу білгем.
Жүрген кезім ол менің;
О, деп, бұл, деп,
Жапырақ жинап, арқамды терек тіреп.
Аблайхана 51,
Есік алды...
– Шылым бар ма?
– Әрине...
– Не деп тұр ек?!
***
Өлең жазбай кеткенім дұрыс болды:
Иә, ақылдым,
Құс ұшады қойнынан сия түнің.
Бозторғайлар ұялап үлгеріпті,
Тұмсығына, о, пәлі, ұятымның.
...Күлкілі ағым,
Біздің жақтың сенделген бұлты қалың.
Көксеркенің көмейін кісінетіп,
Шауып кетіп барады, ә, жылқыларым?!
Маңдай жарық,
Қараөткелім өксиді шалғай барып.
Бессаланың басынан созылған құс,
Кетсе, шіркін, тезірек әнге айналып.
PS:
Күз...
Өлең жазбай кеткенім өкінішті.
***
Өртенген ойларым,
ерте өлген бақсыдай жын ұрып.
Ғаламның көк ала сиясын сіміріп,
Аспаның астымен, құрлықтың үстімен
шексіздік шеңберін айналып,
жүгіріп,
таусылған табаннан.
Айғай мен ұраны кереғар қоғамнан,
Жаралған секілді
мына әлем.
Мен кеше Абылай «Аруақ» деп шақырған ұран ем.
Кеудем де бір жүрек, бір әлем.
Санамыз сәбидей жылайтын тәрізді.
Шынында,
ең ұлы философия – сенім мен ырымда.
Мен ҮТІР немесе НҮКТЕ де емеспін,
Қойыла салатын кез-келген кереғар ұғымға.
Әттеген.
Расында сор да өлең, бақ та өлең,
Мен ылғи түсімде біреуді сағынам,
немесе ат көрем.
... Ол деген еркіндік.
Семсерге байлаған кешегі сертіңді ұқ.
Біз...
Алаштың ұлдарын ұмытып,
айқайлап жүргенде,
талайды өлтірдік.
өлтірдік...
Өлеңдердің авторы Мирас-Бек