Жамбыл Жабаев - 175: Киевте поэзия оқулары өтті

ӘДЕБИЕТ
3932

Украина астанасы Киевте қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында поэзия оқулары өтті.

Бұл жайында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Facebook парақшасында мәлім етті. Қазақтың көрнекті суырып салма ақыны Жамбыл Жабаевтың туған күні қарсаңында Киевтегі қазақ диаспорасы мен Қазақстанның Украинадағы Елшілігімен бірге Жамбыл Жабаев атындағы көпшілік кітапхана ғимаратында поэзия оқуларын өткізді.

Іс-шараға қатысушылар Ж.Жабаевтың қазақ, украин және орыс тілдеріндегі өлеңдерін - «Тарас», «Алатау», «Ұлыма жауап» және тағы басқа шығармаларын жатқа оқып, өмірбаянын айтып берді. Сонымен қатар, қазақ тағамдарымен шай дастарханын ұйымдастырды. Жалпыға мәлім, биыл Қазақстан Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтеді. Киев көшелерінің бірі оның құрметіне аталған және «Нивки» саябағында ескерткіш орнатылған.

madeniportal.kz

author

Жамбыл Жабаев

АЙТЫСКЕР

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...