Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев Қазақстанда жылқы сүті зауытын ашу керек деп есептейді, деп жазады m...
Депутаттар арасында корпоративтік кеш өте ме? — Дәулет Мұқаевтың жауабы
Сурет: https://prichalcafe.ru
70
Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында депутаттар корпоративке жиналмайтынын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Д.Мұқаев сондай-ақ әлеуметтік желіде жазылушыларын келе жатқан мерекемен құттықтады.
«Жыл аяқталып келеді. Әрбір отбасыда қуаныш, шаттық, береке болсын! Қайғы көрмеңіздер. Осы ретте сіздерге бір шағын құпияны айтайын, депутаттардың арасында арнайы корпоративтік кеш өтпейді. Оған тыйым салынған», — деді ол.
Дегенмен депутат корпоративтік шараларға өзін түрлі компаниялардың жыл сайын шақырып тұратынын жасырмады. Бұл жолы құрылыс компаниясының жаңажылдық кешіне бара жатқанын айтты.