Ақтауда жолда билеген қымбат көлік иелеріне айыппұл салынды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2604

Bentley, Mercedes Benz және Porshe көліктерінің жүргізушілеріне жолда билегені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды madeniportal.kz Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында патруль полиция батальонының қызметкерлері Bentley, Mercedes Benz және Porshe көліктерінің жүргізушілері 5 және 6-шы шағын аудандар арасындағы жол бойында билеп, жол қозғалысы ережелерін бұзған видеоны анықтады.

Полиция департаментінің мәліметінше, көлік иелеріне қатысты тиісті хаттамалар толтырылған. 

Үш көлік те қамау алаңына жеткізілді.

Полицейлер жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенбі, 21 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, к...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан облысының Леңгір қаласында 20 жастағы жігітті өлтірген 15 жастағы оқушы қыз сегіз жылға ба...