Депутат Аманжол Әлтаев: "Халықты өз өнімімізбен қамти алмай отырмыз"

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1716

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев Қазақстанда жылқы сүті зауытын ашу керек деп есептейді, деп жазады madeniportal.kz тілшісі qaz365.kz сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда елде импортқа тәуелділік көп. Халықты өз өнімімізбен қамти алмай отырмыз. Талапқа сай емес азық-түліктің саны өсіп жатыр», - дейді депутат.

Аманжол Әлтаев Ақтамберді жыраудың «жылқыдан асқан мал бар ма, қымыздан асқан дәм бар ма» деген сөзін еске алды.

«Біз өкінішке қарай төрт түліктің төресі жылқының бағасы доңыздан төмен қылдық. Жылқының сүті бағасыз болып бара жатыр. Егер бағасын білсек, жылқы сүтін өндіру арқылы тереңдете өңдеп, қазақ халқының брендіне айналдыруға болар еді. Жылқы сүтін біздің елде Молодежныйдағы шағын зауытты қоспағанда бірде-бір зауыт жоқ. Жылқы сүтін өңдейтін зауыт салуға бола ма?» деп сұрады депутат Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтан.

Сапаров Қарағанды облысында «Саумал» зауыты барын айтты.

«Әр облыста біраз азаматтар бар. Бірақ саумалды өткізу қиын. Еуропада сұраныс аз. БАӘ-ге де жіберіп жатыр. Қытайға шектеуді алып тастадық. Реестрге тіркейміз. Сұраныс болса зауыт салуға болады. Сұраныс болса біраз азаматтар бие сауып, зауыт ашуға дайын. Қазақстанда жылқы саны 3,4 млн-ға жетті», - дейді министр.

Әлем

Бакудегі Республикалық перинаталдық орталықта жеті нәресте қаза тапқан өртке байланысты орталықтың д...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Ақбота Керімбекова Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбаттасты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. Әнш...