Заң жобасын талқылау барысында депутат Мархабат Жайымбетов сөз алды, деп хабарлады madeniportal.kz."...
Қазақстанда арақ-шарапқа тыйым салына ма?
Сурет ашық дереккөзден алынды
Мәжілісте Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды, деп хабарлады madeniportal.kz
Депутат Ардақ Назаров қалада алкогольді сатуға және тұтынуға тыйым салуды ұсынды.
«Түркістан-рухани астана, қазақтар руханиятты бойына сіңіретін орын. Біздің ата-бабаларымыз бен әулиелеріміз, билер осында жерленген. Ертең мұнда шетелдік қонақтар келеді, егер біздің азаматтар оларды мас күйінде қарсы алса, бұл ұят болады. Сондықтан, осы Заң аясында Түркістанды алкогольсіз қала, рухани қала деп жариялау арқылы алкогольге тыйым салуға бола ма?»- деді депутат.
Облыс әкімдігінің өкілі бұл идеяны 30-ға жуық ауыл тұрғындары қолдайтынын атап өтті. Алайда, бизнес-қоғамдастық арасында бұл мәселе бойынша пікірталастар жүріп жатыр.