Басына абайсызда шеге атылған ер адам аман қалды

Фото: Петропавл қалалық көпбейінді ауруханасы

Медицина
1811

Солтүстік Қазақстан облысында жөндеу жұмысын жүргізу барысында 51 жастағы ер адамға оқ атылып, басынан жарақат алды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Петропавл қалалық көпбейінді аурухананың мәліметінше, рентгендік зерттеуден кейін пневматикалық пистолетпен атылған шегенің ер адамның құлағының маңына кіріп, мойын омыртқасы жанынан өткені белгілі болды. 

Дәрігерлердің айтуынша, маңызды мүшелердің зақымдануына сәл ғана қалған екен. 
Жақ-бет хирургтері шегені алып, тиісті ем-дом жасады. Кейін жараны тігіп, науқасты бірқатар ұсыныммен үйге жіберді. 

"Мойын тұсынан жарақат алу аса қауіпті. Өйткені мойын арқылы ірі қан тамырлары, жүйке жүйесі, тыныс алу жолы және жұлын өтеді.  Саймандармен жұмыс істегенде қауіпсіздің ережесін сақтаған жөн. Қорғаныш заттарын пайдаланып, жарақат алған жағдайда бірден дәрігерге көрінген жөн", — дейді дәрігерлер. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетау қаласының 59 жастағы тұрғыны өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде ерлі-зайыпты көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша...