Дәрігерлер сынған аяқтың орнына сау аяққа гипс салған

Фото: видеодан скриншот

Медицина
842

Әлеуметтік желіде дәрігерлердің баланың сынған аяғының орнына сау аяғына гипс салғаны туралы видео қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Видео авторының айтуынша, баласының аяғы сынып, медициналық мекемеге жүгінген. Алайда кейін гипстің жарақат алған аяққа емес, екінші аяғына салынғанын байқаған.

Видео тарағаннан кейін желі қолданушылары медициналық қызметтің сапасына қатысты түрлі пікір қалдырды. Бірі мұндай қателікке жол беруге болмайтынын айтса, енді бірі оқиғаның мән-жайын анықтап, медициналық мекеменің ресми түсініктемесін күтуді ұсынған.

Әзірге оқиғаға қатысты медициналық мекеменің ресми түсініктемесі жарияланған жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оқиға Алтай қаласындағы Курчатов көшесінің маңындағы батпақты аумақта орын алған. 9 жасар бала жұқа...

Әлем

Индонезияның Бантен провинциясында кондитерлік фабрика өртеніп, 50-ге жуық қызметкердің қайда екені...