16 магнит жұтып қойған үш жасар баланы дәрігерлер аман алып қалды

Фото: Pixabay

Медицина
271

Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасына магнит жұтып қойған үш жасар бала жеткізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Дәрігерлер баланы тексеріп, оның 16 магнитті жұтып қойғанын анықтаған. 

Баланың ата-анасының айтуынша, бала ойнап жүріп магниттерді жұтып қойған. Дәрігерлер баланы тексеру кезінде сәбидің іш аймағында айқын ауырсыну белгілері байқған.

Қабылдау бөлімінде балаға шұғыл түрде барлық қажетті медициналық шаралар көрсетіліп, содан кейін ол хирургия бөліміне жатқызылды. Құрсақ қуысына жүргізілген рентгенологиялық зерттеу барысында мамандар бөгде заттарды анықтады.

“Тиісті медициналық тексерулерден кейін балаға шұғыл операция жасалды. Видеоэзофагогастроскопия кезінде асқазан қуысынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнит табылды”, — деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Магниттер эндоскопиялық грассердің көмегімен баланың ағзасынан түгелдей алынды. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық, Дәрігерлер оның өміріне төндірген бөгде заттар дер кезінде алынғанын айтты. 

ПОЭЗИЯ

СЫЗ. НӨСЕР. КҮЗ… Өтті жаз,Кетті алыстап жұмақ көктем.Күз келді,Қайтты құстар шұбап көкпен.Да...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңаөзен қаласындағы ауруханада ер адам терапевт-дәрігерге пышақпен шабуыл жасады. Дәрігер алған жар...