Шымкент тұрғыны желідегі балағат сөзі үшін қамалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
19

Қазақстанда TikTok-та тікелей эфир кезінде боғауыз сөздер айтқан екі адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл заң бұзушылықтарды полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде анықтаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Шымкентте Қызылорда облысының 23 жастағы тумасы TikTok-та бейәдеп сөздер қолданған. Полиция материалдарды сотқа жолдаған. Сот блогерді кінәлі деп танып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.

Қызылордада тағы бір жағдай тіркелді. TikTok-та тікелей эфир жүргізген 39 жастағы қала тұрғыны бірнеше рет бейәдеп сөздер айтқан. Сот оны әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салды.

Полиция әлеуметтік желідегі әрекеттерге де заң талаптары қолданылатынын еске салды. Қоғамдық мораль нормаларын бұзатын және бейәдеп сөздер қолданатын әрекеттер заңда көзделген жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Құқық қорғау органдары блогерлер мен стримерлерге қарсы арнайы науқан жүргізіліп жатқанын жоққа шығарады. Полиция мұндай жағдайлардың жиілеуін кей қолданушылардың қаралым жинау үшін әдейі арандатушылық контент жасауымен байланыстырады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүлдіршіннің анасы қызынан қанды бөлініс және жағымсыз иіс байқап, дәрігерлерге жүгінген, деп хабарл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Рейд 17 қыркүйек кешке Чангу, Семиньяк және Умалас аудандарында жүргізілген, деп хабарлайды MadeniPo...