Елімізде ендігі уақытта бала аурухананың реанимация бөлімінде жатқанда ата-анасы немесе заңды өкілін...
Қазақстанда 3,9 мыңға жуық дәрігер орны бос тұр: ауылдардағы жағдай қандай?
Фото: ЖИ
Қазақстанда 3,9 мыңға жуық дәрігерлік орын бос тұр. Дәрігер тапшылығы әлі де өзекті мәселе болып отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3,9 мыңға жуық дәрігерлік штат орны толмаған. Оның 800-ден астамы ауылдық жерлерге тиесілі. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.
Үкімет басшысының дерегінше, 2023-2025 жылдар аралығында дәрігер тапшылығы 20,4%-ға, ал ауылдық жерлерде 28,3%-ға азайған.
Өңірлерге мамандарды тарту үшін дәрігерлерге баспана мен қаржылай қолдау көрсетіліп жатыр. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында тапшы мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 230 дәрігердің әрқайсысына 8,5 млн теңгеден берілген. Бұдан бөлек, 223 дәрігер баспанамен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ Үкімет медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен оларға берілетін кепілдіктерді айқындайтын жеке заң жобасын қарастырады.