Такси шақырған әйел жүргізушінің көлігімен рұқсатсыз дрифт жасаған

Фото: видеодан скииншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
105

ШҚО-да такси шақырған әйел оның көлігінің рөліне отырып, дрифт жасаған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мас күйде көлік тізгіндеген 33 жастағы тұрғын көлік иесіне 2,5 млн теңге шығын келтірді. 

Анықталғандай, әйел такси шақыртып, кейін жүргізушіге өзін бірнеше мекенжайға жеткізуді сұраған.  

Соңғы мекенжайға келгенде жүргізушінің көліктен шыққанын пайдаланып, рөлге отырып маневр жасауға кіріскен.

Полиция әйелдің масаң күйде болғанын әрі көлік құралдарын басқару құқығы жоқ екенін анықтады. 

Оның үстінен автокөлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.