Ата-анаға жансақтау бөлімінде баламен бірге болуға рұқсат беріледі

Фото: ulysmedia

Медицина
1858

Елімізде ендігі уақытта бала аурухананың реанимация бөлімінде жатқанда ата-анасы немесе заңды өкілінің қасында бірге болуға рұқсат берілмек, деп хабарлайды madeniportal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.           

Бұған қатысты бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. 

"Ашық реанимация" қағидаты – анестезиология және реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде балалардың тәулік бойы заңды өкілдерімен бірге болуын ұйымдастыруды көздейді, – делінген құжатта.

Осылайша "Ашық реанимация" қағидаты мүгедектігі бар, онкогематологиялық аурулары бар, паллиативтік көмекке мұқтаж балаларға, өлім аузындағы балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмақ. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аталған стандартты енгізу балаларға анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуге оң ықпал етеді. Сонымен қатар, теріс салдары жоқ және қосымша шығынды қажет етпейді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен бір жарым жастағы Айшаның тағдыры әлі күнге дейін белгісіз. Қ...