Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Мемлекет басшысы
317

ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады, деп хабарлады madeniportal.kz.

Президент қазақ басылымдары ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

«Қадірлі баспасөз қызметкерлері!

Сіздерді Ұлттық басылым күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке – елімізді өркендету және мемлекеттігімізді нығайту жолында еңбек етіп жүрген баспасөз өкілдеріне деген шынайы құрметтің белгісі.

Қазақ басылымдары әрдайым халықтың үні, төл руханиятымыздың берік қорғаны саналған. Біз оның бай тарихын, ағартушылық дәстүрін мақтан тұтамыз. Газет-журналдарымыз ұлттық сана-сезімді дамыту ісінде айрықша рөл атқарады. Зиялы қауым өкілдері қоғамдағы көкейкесті мәселелерге қатысты ой-пікірін, негізінен, мерзімді баспасөз арқылы білдіреді», - деді Президент.

Мемлекет басшысы еліміздің ұлттық басылым қызметкерлеріне шығармашылық табыс тіледі.

«Елімізде түрлі кезеңде жарық көрген басылымдар қашанда ұлт мүддесіне адал қызмет еткен. Аға буынның сара жолын қазіргі кәсіби журналистер лайықты жалғастырып келеді. Олар шынайы ақпарат таратып, жалпыұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға белсене атсалысып жүр.

Газет-журналдарымыз алдағы уақытта да жасампаз бастамаларды жүзеге асыруға, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға және ел бірлігін нығайтуға зор үлес қоса береді деп сенемін.

Баршаңызға шығармашылық шабыт, бақ-береке тілеймін!», - деді Қасым Жомарт Тоқаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Полиция дерегінш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Микроқаржы ұйымдарынан 327 мыңнан астам алматылық зардап шеккен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Қа...