Сәбит Досанов 1940 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының Байғабыл ауылында туған. Жа...
Қызылордада жасөспірімді өлтірді деген күдікпен үш адам қамауға алынды
Ашқ дереккөз
Қызылордада жасөспірімді өлтіру дерегі бойынша үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz
Полиция мәліметінше, 8 қазанда Қызылорда қаласының тұрғынын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Аталған оқиғаға байланысты үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген барлық бейнежазба зерделенді. Оқиғаға басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін деген ақпарат тексеріліп жатыр. Іске қатысы бар әрбір адамның рөлі мен қатысу дәрежесіне тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі», – делінген сейсенбі күні таратылған ресми хабарламада.
Тергеу мүддесіне байланысты оқиғаның өзге мән-жайлары әзірге жарияланбайды.
Полиция өкілдері қылмыстық істің тергелуі облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екенін атап өтті.