Астанада балабақшада бүлдіршін ыстық сорпаға күйіп қалды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
113

Астанадағы балабақшалардың бірінде бір жарым жастағы бала ыстық сорпаға күйіп, денесінің 10 пайызын күйік шалған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға 2 қазанда болған. Салдарынан бүлдіршін III дәрежелі күйік алған. Қазіргі уақытта бала үй жағдайында ем қабылдап жатыр.

Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді балабақша қызметкерінің тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында бейнебақылау камераларының жазбалары алынып, зерделеніп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – делінген Астана қаласы Полиция департаментінің BAQ.KZ редакциясына берген жауабында.

Құқық қорғау органдары бүлдіршіннің қандай жағдайда күйік алғанын анықтап, жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға береді.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.