Мемлекет басшысы 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республик...
ЖЭС-терді инновациялық көмір стансаларына алмастыру керек – Президент Қасым Жомарт Тоқаев
Сурет ашық дереккөзден алынды
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөнінде айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.
«Еліміз өзін өзі электр энергиясымен толық қамтамасыз етіп, 15-20 пайыз шамасында резерв қалыптастыруға тиіс. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған міндет. Сондықтан алдағы екі жылда кемінде 3 гигаваттық жаңа қуат көздерін іске қосу қажет. Бұл – алдыңғы жылдардың көрсеткішінен 2,5 еседей артық меже. Біздің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу туралы стратегиялық бағдарымыз өзгермейді. Алайда оны жүзеге асыруға барынша байыппен, салмақты түрде қараған жөн», - деді президент.
Мемлекет басшысы қолда бар табиғи байлықтарымыз бен мүмкіндіктерімізді ұтымды пайдалану қажет екенін айтты.
«Сондықтан әлдеқашан ескірген технологиялар бойынша салынған ЖЭС-терді инновациялық көмір стансалары алмастыруы керек. Қытай мен Оңтүстік Кореяда зиянды шығарындылары аз, жаңа буын көмір стансалары табысты жұмыс істеп тұр. Өкінішке қарай, кезінде Балқашта көмір электр стансасы салынбай қалды. Соның кесірінен біз мықты қуат көзінен айрылып қалдық. Ал ондай станса бізге қазіргі таңда артық болмайтын еді», - деді Қасым Жомарт Тоқаев.