Күміс зал. «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» экспозициясы

МҰРАЖАЙ
3131

Күміс залдың экспозициясы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің әр жылдары марапатталған наградаларының жиынтығын ұсынады әрі ол Н.Ә.Назарбаев еңбегін тануға арналған экспозицияның бірінші бөлігі болып табылады.
«Құрмет белгісі» - оның 1972 жылы 32 жасында алған тұңғыш марапаты. Бұл марапат өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, құрылыста және басқа салаларда қол жеткізген жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін берілген.
Қазақстан халықтары мен әлемнің басқа елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Н.Ә.Назарбаев Ресей Федерациясының ең жоғары наградасы:

- Қасиетті апостол Андрей Первозванный орденімен,
- Австрияның «Үлкен Құрмет Жұлдызымен»,
- Ұлыбританияның Бірінші дәрежелі Қасиетті Михаил мен Қасиетті Георгийдің Ордендерінің Үлкен Кресімен,
- Польшаның Ақ Бүркіт орденімен,
- Сауд Арабиясы Корольдігінің «Ұлы Бадра алқасымен» және т.б. марапатталған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...