Кеңес Одағының Батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллин мұражайы Қазақстан Респу...
Қауіпсіздік Кеңесі Залы. «Қарулар коллекциясы» экспозициясы
3351

Залда Жоғарғы Бас қолбасшы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік кеңесінің отырыстары, министрліктер мен ведомстволардың басшыларымен кездесулер, кеңестер өткізілген. Мұнда Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекет басшылары, министрліктер мен ұйымдардың басшылары, шетелдік жұртшылық өкілдері, Қазақстан тұрғындары сыйға тартқан әр алуан қару түрлері қойылған.
Мұнда сәндік қарулар, аң аулауға арналған, қорғаныс және атыс қарулары қойылған. Коллекция жәдігерлердің артықшылықтары мен ерекшеліктерін қазіргі заманғы шеберлердің талай ғасырлардан келе жатқан тәжірибе негізінде жаңа ойлар мен технологиялық жаңалықтарды үйлестіре отырып дайындаған үлгілерімен салыстырып қарауға мүмкіндік береді.