Бірінші қабылдау бөлмесі. «Н. Ә. Назарбаевтың еңбек жолы» экспозициясы

МҰРАЖАЙ
3141

«Н. Ә. Назарбаевтың еңбек жолы» экспозициясы бұрынғы Резиденцияның Қабылдау бөлмесіне орналастырылған. Тұрақты көрме Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолының басталуы мен саяси мансаптық өсу жолын көрсетеді.
Ұсынылған экспонаттар келушілерді Н.Ә.Назарбаевтың Теміртау қаласындағы металлургия зауытында жұмыс істеген, сондай-ақ Днепр металлургия зауытының жанындағы №8 Днепродзержинск техникалық училищесінде оқыған кезеңімен таныстырады.
Экспонат ретінде қойылған фотоқұжаттар, күнделік дәптер, құттықтау телеграммалары, СОКП XXVI съезіне Қарағанды облысынан сайланғаны туралы куәлік т.б. Н.Ә.Назарбаевтың саяси қызметінің басталуын көрсетеді.
Көрме Қазақстанның тәуелсіздік жолына алғаш қадам басқан қайта құру кезеңімен аяқталады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу облысында Жаркент қаласының тұрғыны бір ай ішінде сауда орталықтарының бірінен 600-ден астам...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңызға айналған британдық-непалдық альпинист Нирмал Пурджа (Нимсдай) 2026 жылғы 30 шілдеде Пәкістанд...