Қауіпсіздік Кеңесі Залының холы. «Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі» экспозициясы

МҰРАЖАЙ
3676

Холда мемлекет басшысының ұлттық, аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметін көрсетуге арналған тақырыптық экспозиция орналасқан, ол қазақстандықтардың мақсаты мен өмір салтына айналған бейбіт өмірді орнықтырудағы Қазақстанның қосқан өлшеусіз үлесін ашып көрсетеді. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ЕврАзЭк, АӨСШК мен ШЫҰ қызметі аясында жүзеге асырылатын еуразиялық стратегия контексіндегі Қазақстан Республикасының бастамаларымен байланысты.
БҰҰ қызметіне белсенді қатысу, ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа (1994 ж.) қосылу Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды орынды иеленуіне мүмкіндік береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркістан қаласы мен облысының бірнеше ауданында кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...