Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай кешені туралы

МҰРАЖАЙ
7120

Сәбит Мұқановтың музей-үйі 1978 жылы, Ғабит Мүсіреповтің музей-үйі 1991 жылы ашылды. Жазушылардың өздері тұрған пәтерде ұйымдастырылған. 1999 жылғы Үкімет Қаулысымен  «С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешені» болып қайта құрылды. 2015 жылдан «Алматы қаласы музейлер бірлестігіне» қарайды. Музей кешенінде 12 мыңнан астам жәдігерліктер бар. Негізінен кітаптар, қолжазбалар, фотосуреттер, хаттар, тұтынған жеке заттары. А.Толстойдың, М.Шолоховтың, М.Әуезовтің және т.б. қолтаңбасымен берілген кітаптары сақталған. Музейдің жаңа эспозициясынан А.Байтұрсыновтың, Ш.Құдайбердиевтің, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың шығармалары орын алған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Нью-Йоркте өткен фина...