Төртінші қабат. «Қазақстанның спорттық даңқы» экспозициясы.

МҰРАЖАЙ
2655

Экспозиция қазақстандық чемпиондардың даңқты жеңістерінің шежіресі мен еліміздегі спорттың даму тарихы жайлы баяндайды.
Олимпиада чемпиондарының, әлем чемпиондары мен IV Қысқы Азия ойындары жеңімпаздарының спорт жабдықтары мен олжалары – Бахтияр Артаевтың гүлтәжі, Василий Жиров пен Марат Мәзімбаевтың белдіктері, Серік Сәпиевтің бокс перчаткасы, Александр Винокуров, Андрей Кашечкин және Асан Базаевтың Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқан «алтын» велосипеді, IV Қысқы Азия ойындары жүлделерінің жинағы және басқа да бірегей жәдігерлер ерекше қызығушылық тудырады.
Экспозицияда Дмитрий Петрухиннің әлемнің 80 еліне саяхат жасаған, атақты «темір тұлпары» ұсынылған. Бұл байкпен Д.И.Петрухин әлемдік мотожорық тарихындағы теңдесі жоқ оқиға – 200 000 шақырымдық жолды бағындырып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Экспозиция Қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымдары, отансүйгіштігі мен жанкешті еңбегі Қазақстанның шынайы спорттық даңқын құрайтынына көз жеткізуге мүмкіндік береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Жахан Отарғалиевтің әйелі оның өмірі мен отбасындағы қарым-қатынасы жайлы шынайы ойымен бөліст...

ПОЭЗИЯ

СЫЗ. НӨСЕР. КҮЗ… Өтті жаз,Кетті алыстап жұмақ көктем.Күз келді,Қайтты құстар шұбап көкпен.Да...