Сәкен Сейфуллин музейі

МУЗЕЙ
1092

Музей – Қазақ ССР министрлер кеңесінің жарлығы бойынша 1988 жылы 21 ақпанда ашылды.

Ақорда тарихында айтарлықтай орны бар, бой көтергеніне екі ғасырға жуық уақыт болған С.Сейфуллин мұражайы ағаш сәулет өнері ескерткіші саналатын XIX ғ. бірінші жартысы мен XІX ғ. аяғында салынған ғимарат. Мұражай 2 ғимараттан тұрады. Таза сүргіленген бөрене ағаштардан құрылған. Қалада мұндай ғимараттар көп сақталмаған. Мұражайдың өзі бұрын көпес Казанцевтің әкімшілік үйі болған. Кеңес үкіметі тұсында түрлі кеңселер орналасқан. 1920 жылы осы ғимаратта редакция болған, сол кезде С.Сейфуллин осында қызмет етті.

Екінші ғимарат – мұражайдың әкімшілік үйі. Бұрын С.Сейфуллиннің досы, дәрігер Благовещенскийдің үйі, кейін бухгалтерлік мектеп болған.

1995 жылы 17 тамызда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев мұражайға келіп, өзі аралап көрген болатын. Сол сапарында С.Сейфуллиннің «Көкшетау» атты кітабына қалдырған қолтаңбасында: «Асыл бабамыз Сәкен Сейфуллиннің әруағы тәуелсіз елімізді желеп-жебеп жүрсін» – деп жазға еді.

Жаңалықтар

Швецияда король гвардиясының сарбазы абайсызда құлап қалып, басына үшкір темір кіріп кетті, деп хаба...

Жаңалықтар

Домбыра үні Африканың ең биік шыңын бағындырды, деп хабарлайды Madeniportal.kz. Бұл туралы Қали...