“Сенімді едік”: Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушы сұмдық жағдайды әшкереледі

Фото: Report

Жаңалықтар
226

Ақтауға маңында болған ұшақ апатынан аман қалған жолаушы көзімен көрген жағдайды баяндады, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Oxu.Az порталының мәліметінше, Нуруллах Сираджов апаттан аман қалғанына әлі сенбейді. Бортта әйелін барынша сабырға шақырғанмен, өзінің бойын қорқыныш билеп тұрыпты.

«Мен әйеліммен бірге Грозныйда тұратын ұлыма бара жатқан едім. Ұшақ алғаш рет соққыға ұшырағанда, аяқ астымда оттың жалындағанын сездім де, жарақат алдым деп ойладым. Әйелімді сабырға шақыруға тырыстым. Бірақ өзімде үрей басым болды. Белдікті шешіп, аяқ астына қарағанымда ұшақтың едені бүтін еді. Мен қайтадан орныма отырдым. Сол кезде ұшақтың артқы бөлігіне қатты соққы тиді. Бортсеріктер жолаушыларды сабырға шақырып, Грозныйға қонатынымызды айтты», – дейді Сираджов.

Жолаушы ұшақтың төмендеп келе жатқанын көріп, жерге қонатындығына сенімді болыпты.

«Мен біз қонуға жақындағанымызды, әуежай ғимаратын, жолақтарды, ұшақтарды көрдім. Он қабатты ғимараттан төменге қарағандай елестетіңіз. Біз жерге өте жақын болдық. Қонатынымызға сенімді едік», – дейді ол.

Жаңалықтар

Талғардағы отбасыға меценеттар үй алып беретіні хабарланған. Ulysmedia.kz тілшісі Қаржауба...

Жаңалықтар

Иранның балабақшаларында ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытуға тыйым салынды, деп хабарлайды madeni...