“Абайсызда”: Сарбаздың басына үшкір темір кіріп кеткен

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1688

Швецияда король гвардиясының сарбазы абайсызда құлап қалып, басына үшкір темір кіріп кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz  Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Стокгольм сарайында корольдік гвардияның сарбазы мұз үстінде тайып құлап, абайсызда басына үшкір темір кіріп кетті. Оқиғар таңертең сарай ауласында болды.

Сарбаз тез арада Стокгольмдегі Каролинска ауруханасына жеткізіліп, оған бірнеше сағаттық күрделі ота жасалды. Дәрігерлер сарбаздың жағдайы тұрақталғанын хабарлады.

«Бұл оқыс жағдай болды. Ол тайып кетіп, ыңғайсыз жағдайда құлап түсті. Темір басына құлағының артынан кіріп кеткен. Жолдастары жылдам әрекет етіп, бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті», - деді Швеция армиясының өкілі Бьорн Линдау.

Корольдік гвардияның сарбаздары үшкір темір жабдықталған автоматтармен жүреді. Жантүршігерлік оқиғаға қарамастан, сарай алдындағы сақшыны ауыстыру жоспарланғандай 12:15-те жүргізілді.

Полиция оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиғаға жатқызуға болатынын анықтау үшін тергеуді бастады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...