Қазақстандық Килиманджаро шыңында “Адай” күйін орындады

Фото: инстаграм @kaztheatre

ЖАҢАЛЫҚТАР
2605

Домбыра үні Африканың ең биік шыңын бағындырды, деп хабарлайды Madeniportal.kz. 

Бұл туралы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының баспасөз қызметі мәлімдеді. Халық аспаптар ансамблінің мүшесі Әлібек Қайырбек Африканың ең биік шыңы – Килиманджаро тауында қазақтың қасиетті домбырасын әуелетті. «Бұл – ұлттық өнеріміздің ерекше үнін тау шыңында танытқан бірегей сәт.

Әлібек Қайырбекті осы жетістігімен барша театр ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!», - делінген хабарламада.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...