Күмбезді зал – Резиденцияның ең әдемі әрі кең залдарының бірі. Күмбездің биіктігі - 4,5 м.Бұ...
Атриум
Қазақстан халқының өмірлік күші мен қуатының, материалдық және рухани байлығының, жас егемен мемлекеттің гүлденуінің символы - музей артриумында негізгі орын алып тұрған «өмір ағашы».
Бұл әлемнің дәл ортасында тау басында өсетін және дүниенің төрт бұрышы мен әлемнің үш саласын – тамыры тереңге кететін жер астын, адам мен жануарлар мекені – жерді және құдайлар мен құстардың мекені – аспанды байланыстыратын әлем ағашының бейнесі.
Ағаштың етегінде барыстар, ал жоғарғы жағында құдайлардың хабаршысы – құстар орналасқан. Қазақ символикасында барыс бейнесінің маңызы зор. Дәл осы маңғаз, күшті және әдемі аң өзін бүкіл әлемге паш еткен және Қазақстан халқын өзінің шығармашылық, рухани, ғылыми әлеуетінің арқасында халықаралық қоғамдастық таныған жас мемлекеттің кейіпін білдіреді.