Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі

МУЗЕЙ
2325



Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі- өлкенің көне мәдени мекемесінің бірі.1920жылы Көкшетау аудандық музейі болып құрылды. Алғашқыда музей Көкшетау уездік халыққа білім беру бөлімі  жанында көрнекі құралдардың музей ретінде құрылды.

Уақыт өте келе, бір бөлімдегі көрме материалдары санының көптігі келушілермен жұмыс істеу мүмкін болмады, сондықтан 1926 жылы музей Советский көшесінде төрт бөлмелі ағаш үйге көшірілді.

1945 жылдың қаңтар айынан аудандық музейі 1944 жылы Көкшетау облысының құрылуына байланысты Көкшетау облыстық тарихи-өлкетану музейге айналды. Бұл жылдары облыстық музейге қаланың орталығынан бұрынғы мешіт ғимараты ұсынылды (қазіргі кезде жұмыс істеп тұр). Бұдан кейінгі жылдары музейдың қорын жаңадан жинақтау, оны бағалы экспонаттар мен музей экспозициясын құру жөнінде зор күш жұмсалды. 1974 жылдан Көкшетау қаласының орталық алаңынан алыс емес жердегі ғимаратта орналасты.

Музей ғимараты –  мемлекеттің қорғауындағы тарих және сәулет ескерткіші. Ғимарат екі қабатты, кірпіштен 1904 жылы салынған. 1980 жылы негізгі ғимаратқа қосымша жалғай салынған ғимарат қосылды.  

Көкшетау қаласы Ақмола облысының облыстық орталығы болғаннан кейін, 2000 жылы музейге Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі деген атақ берілді.

2011 жылдан бастап музей ғимараты реконструкцияда болды.

2012 жылы  28 тамызында  Ақмола облыстық тарихи-өлкетану  музейдің ашылу салтанатты өтті.

Музей қорында 80 мыңнан артық жәдігер  сақталған,  олардың бірегейлері  экспозициялық залдарда  көрсетілген:

  • Абылай хан залы

  • Ежелгі тарих және ортағасыр залы

  • XIX  ғасырдағы Ақмола өлкесінің тарихы

  • XX ғасырдағы Ақмола облысының тарихы

  • Тәуелсіз Қазақстан залы

  • Табиғатқа көзқарас залы

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...