Ұлттық музейде Алпысбай Қазғұловтың жеке көрмесі ашылады

МУЗЕЙ
894

2023 жылдың 5 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде екі шара: 14:00-да Алпысбай Қазғұловқа арналған мерейтойлық дөңгелек үстел, 16:00-де  суретшінің жеке «Көктемгі самғау» көрмесі өтеді.

Дөңгелек үстелде «Алпысбай Қазғұловтың шығармашылығы. Жаңашылдық және авторлық әдістің бірегейлігі», «Қазіргі қазақ бейнелеу өнерінің ахуалы және оның бағыттары мен ағымдары», «Қазақстандағы арт-рыноктың қалыптасуындағы өзекті мәселелер» тақырыптары талқыланады. Оған суретшілер мен өнертанушылар қатысады. Сонымен қатар суретшінің шығармашылығы туралы кітап, картиналары бар постерлер таныстырылады.

 «Көктемгі самғау» көрмесінде уақыт байланысы, бабалардың рухани мұрасы, көшпенділер әлемі, дала мен ауыл философиясы, қазақ әдет-ғұрпының сабақтастығы, әйел сұлулығына тәнті болу сынды оның шығармашылығын насихаттайтын туындылар қойылған. 

Алпысбай Қазығұлов өз суреттері арқылы халықтың қиындықтарды жеңе отырып, жарқын өмірге қалай бара жатқаны туралы айтуға тырысады. Ол отыз жылдың ішінде жеті мыңнан астам картиналар салды, олардың басым бөлігі Еуропа, Азия, Американың галереялары мен жеке коллекцияларына тарап кеткен. Сонымен қатар суретші өз коллекциясына қазақстандық және ресейлік авторлардың 2000-нан астам кескіндеме, графика және мүсін үлгілерін жинады. Оның шығармашылық туындылары елордалық заманауи өнер музейінің, Президенттік мәдени орталықтың, Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің, ҚР Ұлттық музейінің көркемсурет қорын бірнеше рет толықтырды. Оның шығармашылығын қастерлеушілер - Лайма Вайкуле, Дидье Маруани, Жерар Депардье, Патрисия Каас, Бельгия князі Лоран және тағы басқалар.

Коллекционер Қазғұловтың көркемсурет мұрағатында Әбілхан Қастеев, Жаңатай Шарденов, Салихитдин Айтбаев, Владимир Эйферт, Ким Кузнецова сынды атақты суретшілердің және басқа классиктердің туындылары сақталуда. 

Бүгінгі таңда бұл суретші Қазақтандағы және республикадан тысқары жерлердегі ең сұранысқа ие суретшілердің бірі. Оның көрмелері Белгияда, Қытайда, Түркияда, Ұлыбританияда, Ресейде, Жапонияда, Нидерландыда өтті. Енді Әлем оның көзімен біздің елімізді көріп отыр. Суретші «Парасат» ордені және Масарик атындағы алтын медаль иегері. 

Аккредитацияны nmrk.muzei@mail.ru поштасына 2023 жылдың 4 мамыр күні сағат 18:00-ге дейін жіберу қажет.

Ресми сайт: https://www.nmrk.kz/

Біз әлеуметтік желіде: 

Instagram: https://www.instagram.com/nationalmuseumkz/ 

Facebook: https://www.facebook.com/www.qrum.kz/

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...