Маңғыстауда «Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев өң...
Елорда тұрғыны балконында концерт қойды
Елордалық Федор Селянин өз үйінің балконында концерт қойды. Ер адам Tengrinews.kz тілшісіне бұл әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
"Біріншіден, бұл балконда ән айтқан италиялықтарға жауап. Біз жұбайымызбен отырып, осындай шешімге келдік. Аппаратура бар, мен музыкантпын, балконымыз кең. Эпидемияға алаңдаулы адамдарды неге қуантпасқа? 10-20 көршімізді бір қуантып алайық дедім. Шынымды айтайын, осылай барлығы қуанып қалады деп ойламадым. Қалада карантин жарияланды ғой. Бірақ мен карантинде емеспін, аман-есенмін, жақындарым да аман-есен", - дейді Селянин.
"Кеше 20-30 минуттай ән айттым, бес әндей айттым. Барлығын жігерлендіретін әндерді айтуға тырыстым. "Рюмка водки" сияқты әндерді. Бірақ 20 минуттан көп уақыт ән айтып тұруға болмайды. Халық жиналып жатты, ал карантин уақытында олай болмайды", - дейді елордалық.
Федор Селянин - кәсіпқой музыкант, мейрамханалар мен іс-шараларда өнер көрсетеді екен. Музыкамен 15 жыл бойы айналысып келеді, мамандығы бойынша сәулетші.