Түркістанда ер адам 15 жастағы қызды зорлап, кейін бопсалаған

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2330

Түркістандық 15 жастағы қыздың анасы ересек ер адамның қызын зорлап, қорқытқанын айтты. Ал полиция күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік оқиға туралы Facebook қолданушысы Құрал Сейітханұлы хабарлады. Әйел оған 33 жастағы ер адамның қызын пәтерге алып кіріп, жалаңаш күйінде видеоға түсіріп, кейін зорлағанын айтқан.

 Әйелдің сөзінше, ер адам мектеп оқушысынан өз жасындағы қыздарды немесе ақша тауып әкелуді талап еткен. Егер таппаса оның интимдік суреттерін желіге таратамын деп қорқытқан.

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "жергілікті тұрғынның үстінен кәмелетке толмағанға қатысты заңсыз әрекеттері" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Алайда, кәмелетке толмағандардың жалаңаш фотосуреттері тарағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Полицейлер азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады", – делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін таңертеңнен бастап Алматыдағы №383 референдум учаскесінде ел үшін маңызды оқиғаға қатысқысы ке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда таңнан бастап дауыс...