Қазақтың Моцарты Бейжің театрында өнер көрсетті

МУЗЫКА
1783

Қазақтың Моцарты атанған Рахат-Би Әбдісағын Бейжің театрында өнер көрсетті. Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы «9 сиқырлы нота» атты жобасы қорытындыланып, гала-концертке ұласты. Қытай жұрты ұйымға мүше елдерден келген музыка майталмандарының өнерін тамашалады. Олардың қатарында Шанхай сегіздігінен шыққан 8 үздік пианиношы бар. Өнерпаздар бұған дейін ұйымның бас штаб пәтерінде жеке-жеке концерт берген болатын. 

17 жасында өз елінің мәдениет қайраткері атанған Рахат-Би Әбдісағын ШЫҰ басты өнер кешінде Қазақстанды таныстырды. Композитор, пианиношы және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Фредерик Шопеннің «№20-шы Ноктюрн до-диез минор» деген туындысын орындады. Бұдан соң Шыңғыс Айтматовтың әңгімесіне жазылған «Жыл құсының зары» атты өз шығармасын ұсынды. Өнерге шекара шектеу болмайды деген осы шығар. Гала-концертке жиналған дүйім жұрт жерлесіміздің өнерін тамсана тыңдады. Рахат-Би Әбдісағын, композитор, пианиношы және халықаралық байқаулардың жеңімпазы: 

– Бұл концерттің достық және ынтымақтастық тұрғыдағы маңызы зор. Шанхай ынтымақтастық ұйымы да осы идеяны паш етеді. Ал өнердің мәдениеттер мен халықтарды жақындастыратыны сөзсіз. 

Қытай жұртына Рахат-Би Әбдісағынды таныстырудың қажеті де жоқ. Бұл кеш шынайы өнерді бағалай білетін көрермен мен сол өнер үшін жанын беретін музыканттың қауышуы болды. Гала-концерттен тыңдармандар ерекше әсер алғанын айтады. 

Ли Цзо, көрермен: 

– Мен бүгінгі кештен тамаша әсер алдым. Қазақстандық пиониношы Рахат-Би Әбдісағынның пианинода шебер ойнайтыны таңғалдырды. Әсіресе, «Жыл құсының зары» атты өз шығармасын тыңдап, көзге еріксіз жас аласың. Мұндай өнер мерекесі халықтар мен мемлекеттердің арасын жақындастырады.

«9 сиқырлы нота» жобасы «ШЫҰ – біздің ортақ үйіміз» деп аталатын кешенді бағдарламаның аясында өткізіліп отыр. Ұйымға мүше мемлекеттердің өнерпаздары осыған дейін 8 камералық музыка кешін өткізді. Ал Рахат-Би Әбдісағын ШЫҰ достық рухын асқақтатқан ең жас композитор атанды. 

Нұрбек Бекен

www.24.kz


Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...