Әзілкеш Қабатов «Хабар» агенттігінің креативті продюсері болды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2201

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бүгіннен бастап «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның креативті продюсері ретінде қызметке кірісті. Бұл туралы  Берік Уәли өзінің әлеуметтік папрашасында жазады.



 Бойындағы таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Тұрсынбек Аманғалиұлы қолға алған кез-келген жоба табысты болып жатады. Ол әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, әрдайым көпшіліктің көкейіндегі айтып жүретіні белгілі, – дейді .

Оның айтуынша, отандық телеарналардағы «Әзіл әлемі», «Көңілді тапқырлар алаңы» сияқты жобалары көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие.

«Хабар» арнасындағы Тұрсынбек Қабатов жүргізген «Жұп-жұбымен», «Cover show» сияқты жобалар да жоғары нәтиже көрсетіп, Агенттік үшін табысты хабарлардың біріне айналды.
Тұрсынбек Аманғалиұлы жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызықты жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады.  Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз,- деп жазады ол өз парақшасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...