12 алтын, 24 күміс, 48 қола: Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады

Фото: Kazsport

ЖАҢАЛЫҚТАР
393

Қазақстан құрамасы Жапонияда өткен Азия ойындарындағы бәсекесін аяқтады. Ұлттық құрама қоржынына жалпы 84 медаль түсті. Оның 12-сі – алтын, 24-і – күміс, 48-і – қола, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Осы нәтижемен Қазақстан жалпыкомандалық есепте алдыңғы Азиададағы көрсеткішін жақсартты. 2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстан 11-орынға тұрақтаған еді. Бұл жолы ұлттық құрама үш саты жоғары көтеріліп, алтын жүлделер санын да арттырды.

Қазақстан үшін тарихи нәтижелердің бірі семсерлесуден тіркелді. Ерлер құрамасы финалда Оңтүстік Кореяны 43:42 есебімен жеңіп, Азия ойындары тарихында алғаш рет командалық сайыста алтын медаль иеленді.

Айта кетейік, Оңтүстік Корея сапында жекелей семсерлесуден Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы Пак Сан Ён да өнер көрсетті.