Президент архивіне 293 қызметкер жұмыс істейді

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
65

Қазақстанда Президент архиві қайта ұйымдастырылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қарашада тиісті Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Президент орталығын Президент архивіне қосу көзделген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz

Мемлекет басшысының №1555 «Қазақстан Республикасы Президентінің архиві мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, республикалық мемлекеттік «Қазақстан Республикасы Президентінің архиві» мекемесі Президент орталығын қосу арқылы қайта ұйымдастырылады.

Құжатта архивтің штат саны 293 бірлік болып белгіленген. Сондай-ақ мекеме туралы ереженің жаңа редакциясы бекітілді.

Жаңартылған ережеге сәйкес, Президент архиві Ұлттық архив қоры құжаттарының, кітапхана басылымдары мен музей заттарының сақталуын, есебін жүргізуді, жүйелеуді және пайдалануды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар мекеме Президенттің, Президент Әкімшілігінің, мемлекетке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты құжаттармен архив қорын толықтырады.

Архивтің негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстанның тарихын, мемлекеттіліктің қалыптасуын, мемлекеттік басқару жүйесі мен президенттік институттың дамуын ғылыми тұрғыдан зерттеу және осы бағыттағы білімді кеңінен тарату.

Бұдан бөлек, мекеме қолданыстағы Президенттің жеке архивін, кітапханасы мен музей қорын, сондай-ақ бұрынғы президенттердің архивтері мен музейлік және кітапханалық мұраларын заңнамада белгіленген тәртіппен сақтап, зерттейді.

Жарлыққа сәйкес, Үкімет пен Президент Іс басқармасына құжатты іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдау тапсырылған. Оның орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.

Жарлық 2026 жылғы 5 қарашадан бастап күшіне енді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысының тұрғыны дүкеннен сатып алған гранат шырынының ішінен кіші дәретке ұқсас сұйықтық ан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында 14 жастағы Асылбек Рахманқұлов қатарластарымен болған жанжалдан кейін жансақтау бөл...