Мейсонвиллден (Нью-Йорк) келген 33 жастағы Дрю Гарниер 29 жастағы жүкті әйелі Саманта Гарниерді өлті...
15 млн қазақстандықтың дерегі сатылымға шықты деген ақпарат тексеріліп жатыр
Фото: әлеуметтік желі
580
Даркнетте 15 млн қазақстандыққа қатысты деректер базасы сатылымға қойылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Белгісіз хакер базаны eGov жүйесін бұзу арқылы алғанын айтып, оны 0,5 биткоинге, яғни шамамен 15 млн теңгеге немесе 32 мың долларға сататынын мәлімдеген.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бұл ақпаратты тексеріп жатыр.
Ведомство мәліметінше, жарияланған деректердің бір бөлігі eGov жүйесіндегі форматқа сәйкес келмейді. Атап айтқанда, паспорттардың скан-көшірмелері мұндай форматта сақталмайтыны айтылды.
Министрлік сатушының мәлімдемесі eGov жүйесінің бұзылғанын білдірмейтінін атап өтті. Қазіргі уақытта техникалық тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.