Ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға кешенді тексеру жүргізеді

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
137

Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне мониторингтік топ жібереді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тексеру барысында студенттердің өмірі мен денсаулығын қорғау талаптарының сақталуы, тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстардың тиімділігі бағаланады.

Сондай-ақ жанжалды жағдайлардың алдын алу, студенттердің өтініштеріне уақтылы жауап беру және психологиялық көмек көрсету тетіктеріне ерекше назар аударылады.

Тексеру қорытындысы бойынша студенттердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған қосымша шаралар әзірленеді.

Айта кетейік, 

16 қарашада ҚазҰУ-дың география және табиғатты пайдалану факультетінің бірінші курс студенті қаза тапқан болатын. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.

Қайғылы жағдайдың нақты мән-жайы тергеу барысында анықталады.

СПОРТ

Алматыда 955 мың тұрғын спортпен тұрақты айналысады. Қаладағы тегін жобалар, марафондар мен өзге де...

ЖАҢАЛЫҚТАР

18 қараша, сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атмосфералық фронтт...